14.04.2024 _ 15:10

Халық күшін біріктірді. Ерікті Атырау облысында су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету жайында айтты

Алматы қаласы ҚХА гуманитарлық көмек жинау штабының басшысы, Қазақстан ұйғыр жастар одағының төрағасы Рустам Қайрыев әріптестерімен бірге Атырау облысына келді. Олар 25 тонна гуманитарлық жүк әкелді: құрылыс сөмкелері, күректер, резеңке қолғаптар мен етіктер, тез бұзылмайтын азық-түлік, жаңа төсек-орын, матрацтар, жастықтар. Эвакуациялық пунктерде орналасқандар үшін қажет нәрсенің бәрі бар.

«Жүректен жүрекке» акциясы аясында құны 30 млн теңге болатын жүк әкелінді. Этномәдени бірлестіктер, Алматының бей-жай қарамайтын азаматтары, мәслихат депутаттары, түрлі қоғамдық жастар ұйымдары жылу жинады», – деді ерікті.

Жүк орталықтан зардап шеккен аудандарға таратылады. 

«Халық күштерін біріктіріп, су тасқынына дайын отыр. Біз моральдық тұрғыдан дайындалдық, бәрі ойдағыдай болады деп үміттенеміз», – деп түйіндеді Р.Қайрыев.