15.04.2024 _ 15:10

35 мың ерікті су тасқынына қарсы күреске жұмылдырылды

Қазақстанда +7 708 706 4242 бірыңғай байланыс орталығы жұмыс істейді. Ол зардап шеккендерге көмек көрсетуді және еріктілерді бөлуді үйлестірумен айналысады. Сондай-ақ аймақтық еріктілер фронт-офистерінің базасында елдің 20 аймағының әрқайсысында байланыс орталықтары ашылды. Бұл туралы ОКҚ алаңында «Ұлттық еріктілер желісі» ЗТБ Атқарушы директоры Татьяна Миронюк хабарлады.

Оның айтуынша, 35 мыңға жуық ерікті – республикалық деңгейдегі түрлі ұйым, сондай-ақ өңірлер ішіндегі бастамашыл топтар –жастар ресурстық орталықтары жанынан құрылған әр өңірдің ТЖ департаменттері мен фронт-офистермен бірлесіп жұмыс істейді.

«Қызыл аймақтардағы жағдай ең маңызды. Мысалы, Петропавлда гуманитарлық көмек қабылдау пунктерінде, заттарды бөлу мен сұрыптауда еріктілердің көмегі қажет», – деп атап өтті ерікті.