16.04.2024 _ 10:20

Қазақстан аумағында жаңбырлы ауа райы сақталады

Атмосфералық фронтальді бөліктер Қазақстан аумағында жаңбырлы және желді ауа райын сақтайды. ҚР басым бөлігінде, оңтүстік-шығыс пен оңтүстіктің таулы аудандарында қатты жаңбыр, елдің солтүстігінде түнгі уақытта жауын-шашын, көбінесе жаңбыр жауады. ҚР бойынша найзағай, тұман, жел күшейеді, оңтүстігінде дауыл болады.

«Өткен тәулікте 5 облыс бойынша 4 гидрологиялық дауылды ескерту жарияланды - Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Абай, Түркістан және Алматы облыстарында. Солтүстік Қазақстан облысында 15-19 сәуір аралығында Ақмола облысынан Терісаққан, Жабай және Қалқұтан өзендерінен жанама ағындардың келуіне байланысты Есіл өзені бойындағы Ғ. Мүсірепов, Шал ақын және Есіл аудандарында су деңгейінің көтерілуі, су тасқынының екінші толқыны және қауіпті деңгейден асуы күтілуде. Шығыс Қазақстан және Абай облыстары Ертіс-Абылайкит өзенінің гидрологиялық бекетінде су деңгейі 313 см құрады, шекті деңгей 300 см. 16-17 сәуір аралығында Түркістан облысының беткейлік ағынның қалыптасуы және өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі күтіледі», – деді «Қазгидромет» РМК  баспасөз хатшысы Алина Исмагулова.