8 914 адам, оның ішінде 4 019 бала эвакуациялау пунктерінде орналасты. 4 237 тұрғын үй мен 2 698 аула аумағынан судың бағыты бұрылды. 10,2 млн астам текше метр еріген қар суы шығарылды, 3,2 млн қапшық және 1,4 млн астам тонна инертті материал төселді. Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарында 6 046 жеке тұрғын үй, 1 130 аула аумағы су астында қалуда.
«Су тасқыны қауіпті өңірлерде авариялық-құтқару жұмыстары, су тасқынына қарсы іс-шаралар, су тасқыны салдарын жою жұмыстары жалғасуда. Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 44 121 адам, 4 610 техника, 858 су сору құралы, 339 жүзу құралы, 16 әуе кемесі жұмылдырылды, сондай-ақ волонтерлер де белсенді қатысуда», – деді спикер.
Су басу қаупіне байланысты Солтүстік Қазақстан облысының Тимирязев ауылдарынан, Қызылжар ауданының Соколовка, Барневка, Долматов ауылдарынан, Петропавл қаласының Подгора, Кожевенный шағын аудандарынан, Заречный кентінен, Ақмола облысы Жарқайың ауданының Львовское ауылынан, Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында Кұйлыс және Нұра ауылдарынан, Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе және Казталов аудандарының Қаратөбе және Жалпақтал ауылдарынан, Қостанай облысы Жангелді ауданының Байтұрсынов ауылынан 2 475 тұрғын алдын ала эвакуацияланды.
ТЖМ азаматтарды су тасқыны кезеңінде қауіпсіздік шараларын сақтауға, үйлерден және эвакуациялау пункттерінен тиісті рұқсатсыз кетпеуге шақырады және балаларды қараусыз қалдырмауды ескертеді.