Орта таулы аймақта және таулардың оңтүстік беткейлерінде қар жамылғысының еруіне байланысты Шығыс Қазақстан облысында су тасқынының екінші толқыны басталды. Өңірдің солтүстік және шығыс аудандары ерекше бақылауда.
«Бүгінгі таңда қар жамылғысының ауданы облыстың 44% құрайды. ЖАО жоспары бойынша, жұмыстардың барлығы аяқталды, бірақ қауіп бар аудандарда жағалауды нығайту, және су тұбін тазарту, бөгеттерді биіктету, қаптар қою жұмыстары жалғасуда. Гидротехникалық құрылыстар штаттық режимде жұмыс істеуде», – деді ШҚО ТЖД ТЖ алдын алу басқармасының бастығы Арман Наурызбаев ОКҚ алаңында өткен брифингте.
Облыста жедел штаб жұмыс істеуде. Күштер мен құралдар дайындыққа келтірілді. Жағдай бақылануда.