19.04.2024 _ 10:20

Алдағы тәулікте республиканың басым бөлігі кең антициклонның ықпалында болады

Жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі, күндіз тек солтүстік пен шығыста, атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жаңбыр, ал шығыс пен оңтүстік-шығыста найзағай сақталады.

Республика бойынша жел күшейеді деп күтілуде, оңтүстікте және оңтүстік-батыста шаңды дауылдар болжанып отыр. Сондай-ақ солтүстік-батыста, шығыста және орталықта түнгі және таңертеңгі уақытта тұман болады деп күтіледі.

«Сондай-ақ өткен тәулікте Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысы бойынша 19-20 сәуір аралығында екі гидрологиялық дауылды ескерту жарияланды, 19-22 - сәуір аралығында орта таулы аймақта қардың қарқынды еруі жалғасады, көлбеу ағынның қалыптасуы, өзендердегі су деңгейінің одан әрі көтерілуі және шектік белгілердің артуы күтілуде», – ОКҚ брифингінде «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Алина Исмагулова айтты.

Ақмола облысы бойынша Нұра өзені – Қорғалжын ауылының гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі жалғасуда (4 сағат ішінде 6 см). Су деңгейі шектік белгіден 5 см – ге көтеріліп, 700 см-ден асып кетті.

Өзендегі су деңгейінің көтерілуі жақын маңдағы сулардың келуімен байланысты. Деңгейдің одан әрі жоғарылауы күтіледі.