19.04.2024 _ 14:20

СҚО-ның қоғамдық штабы су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетуді жалғастырып жатыр

Солтүстік Қазақстан облысы қоғамдық штабының мүшелері өтемақы алу тетігін түсіндіру үшін эвакуация пунктерінде күн сайын түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Штаб мүшесі Айгүл Мұратованың айтуынша, оның әріптестері өңір тұрғындарына өтемақы алу үшін құжаттар пакетін жинауға көмек көрсетеді.

Екінші деңгейлі банктермен эвакуациялық пунктен шықпай-ақ, тек жеке деректерді беру арқылы шоттар ашу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Алдағы уақытта тұрғындар жұмыспен қамту орталықтарына жүгіне алады. 

«Қоғамдық штаб мүшелері гуманитарлық көмек жинау пунктерінің жұмысын үйлестіреді, эвакуацияланған азаматтар орналасқан жерлерге жеткізілген заттарды сұрыптау бойынша өтінімдерді қабылдап, есеп жүргізеді. Бүгінге дейін 90 кездесу өткізіліп, 5500-ден астам адам кеңес алды», – деп түйіндеді спикер.

Қоғамдық штабтар осы бағыттағы жұмысын жалғастыруда.