19.04.2024 _ 19:19

Зардап шеккен өңірлерге көмек көрсету мақсатында мемлекеттік материалдық резервтен көшпелі сорғы станциялары броньнан шығарылды

Олар секундына 500 текше м су соруға мүмкіндік береді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифингте ҚР ТЖМ өкілі Асқар Шәріп хабарлады.
Зардап шеккен өңірлерге көмек көрсету мақсатында мемлекеттік материалдық резервтен көшпелі сорғы станциялары броньнан шығарылды

Еліміздің орталық және солтүстік өңірлерінде су тасқыны жағдайы тұрақталуда. Су тасқыны қаупі төңірегіне жұмылдырылған ТЖМ күштері мен құралдарының бір бөлігі тұрақты орналасу орындарына оралуда. 

«Қазіргі уақытта Атырау облысы Жылыой ауданының Құлсары қаласында 2 көшпелі сорғы станциясы жұмылдырылған. Өткен тәулікте олардың көмегімен 12 мың текше метр су сорылды», - деді спикер.

Оның мәліметінше, зардап шеккен өңірлерге теміржол, автомобиль көліктерімен және әуе кемелерімен 5029 тонна гуманитарлық көмек жеткізілді. Жедел шаралардың арқасында ТЖ аймақтарында тұрғындар мен жануарларды алдын ала эвакуациялау жүргізілді. Су тасқыны басталғалы бері барлығы 118 271 адам, оның ішінде 44 282 бала құтқарылып, эвакуацияланды. 20 823 адам өз үйлеріне оралды.