Өңірдегі жағдай әлі де күрделі. Таңертеңгі ақпарат бойынша Жайық өзенінің деңгейі 852 см құрады. Ол қауіпті деңгейден асып барады. Облыстың төрт ауданында және Орал қаласында тасқынға қарсы жұмыстар күшейтілген режимде жүргізіліп жатыр.
«Өңірде 13 мыңнан астам адам эвакуацияланды, оның 6 мыңға жуығы бала. Барлық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. 10 мыңнан астам адам, 2 мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылды», - деді БҚО әкімінің баспасөз қызметінің басшысы Ерхан Таткен ОКҚ алаңында өткен брифингте.