23.04.2024 _ 14:14

ШҚО-да су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасуда

Орта таулы аймақта және таулардың оңтүстік беткейлерінде қар жамылғысының еруіне байланысты облыста су тасқынының екінші толқыны басталды. Қазіргі уақытта облыстың солтүстік аудандары ерекше бақылауда. Өңірде ашылған жедел штаб тәулік бойы жұмыс істейді. Мобильді топтар күн сайын мониторинг жүргізеді. Бұл туралы ШҚО ТЖД Төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің бастығы Арман Наурызбаев ОКҚ брифингінде мәлімдеді. 

«Әкімшілікпен жоспарланған барлық жұмыс орындалып жатыр. Қазір өзендерді тереңдету, дамбаларды құру, қапшықтарды қою жұмыстары жүргізіліп жатыр.24-25-сәуірде ауа-райының жылуы күтіледі. Қазіргі кезде аэровизуалдық тексерістер жүргізіліп жатыр. ШҚО-да қар жамылғысы 37%-ды құрайды», – деді спикер.