Жылыой ауданы мен Құлсары қаласында ТЖД күштері және жергілікті ақтарушы органдары су айдау жұмыстарын жалғастыруда, 1,6 млн текше метр су бұрылды. 3 мыңнан астам адам және 116 бірлік техника, 120 су айдау құралдары жұмылдырылды. 24 сәуірдегі жағдай бойынша су 1615 жеке үйден шығарылды. Дезинфекциялау, электрмен және газбен жабдықтау жұмыстары жалғасуда. Өңірдегі ахуал туралы Атырау облысы әкімінің баспасөз хатшысы Руслан Жұмағазиев айтты.
Оның айтуынша, су тасқынынан өлген ауыл шаруашылығы жануарларының құнын өтеу бойынша өтінімдерді тіркеу жұмыстары басталды. Залалды бағалау және өтеу жөніндегі комиссия жұмысын жалғастыруда. 2432 өтініш қабылданды. Объектілерді техникалық тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Жайық өзенінде алдын алу шаралары жалғасуда. Ұзындығы 488 шақырым қорғаныс бөгеттері салынды, жұмыс 94%-ға аяқталды. 15 мыңға жуық адам және 1,5 мың бірлік техника жұмылдырылды.