30.04.2024 _ 15:10

БҚО-да жол-көлік қатынасынсыз 2 елді мекен қалып отыр

Жайық өзеніндегі су деңгейі түсіп келе жатыр. Бірақ жергілікті халықты құлақтандыру әлі де жалғасып жатыр. Өңірде 6 ТЖ сақталады. Су тасқыны кезеңінде жалпы облыс бойынша 14 028 адам эвакуацияланды. Оның 5 795-і  - бала. 12 эвакуациялық пункте 2 428 адам, оның ішінде 1038 бала орналасқан. БҚО ТЖД ресми өкілі Нұржан Төлеуіш ОКҚ брифингінде осылай деп мәлімдеді.

«Облыс бойынша жол-көлік қатынасынсыз 2 елді мекен қалып отыр. 13 жол шаю оқиғасы қатаң бақылауда. 5-сәуірден бері облыстық штабқа 1,304 млн тонна гуманитарлық көмек келіп жетті. Барлық жұмыстарға 1578 адам, 309 бірлік техника, 65 су сору құралы, 134 жүзу құралы және 1 әуе кемесі жұмылдырылған. 1 сәуірден бастап 1,131 млн текше метрден астам еріген қар суы сорылды, 1 301 531 млн дана қапшық төселді, 26 638 тонна инертті материал төселді. Жалпы, облыс бойынша жағдай тұрақталып келеді және қатаң бақылауда», – деді спикер.