02.05.2024 _ 16:31

Атырау облысының әкімдігі: Каспий теңізі сағасының түбін нығайту жұмыстары жалғасуда

Құлсары қаласы мен Жылыой ауданында қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда, жалпы көлемі 3,3 млн текше метрді құрайтын су айдау жұмыстары жүргізілуде. 2,7 мыңға жуық адам, 125 бірлік техника, 4 жүзу құралы жұмылдырылды. Алдын ала есеп бойынша 286 үйді су басқан. 2 -мамырдағы жағдай бойынша 2634 үйден су толығымен тартылды. Соңғы тәулікте 15 үйде электрмен жабдықтау қалпына келтірілді. Бұл мәліметтерді ОКҚ брифингінде Атырау облысы әкімінің баспасөз хатшысы Руслан Жұмағазиев хабарлады.

Ол мүлікті бағалауға 2733 өтініш түскенін атап өтті. Техникалық тексеру 762 объектіде жүргізілді. 776 тұрғын үйде, 6 көпқабатты үйде, сондай-ақ 48 әкімшілік және кәсіпкерлік нысандарда дезинфекциялық іс-шаралар өткізілді.

«Қазгидрометтің ақпараты бойынша, 2 мамыр күні сағат 16:00 - дегі жағдай бойынша Жайық өзенінің Индербордағы гидробекетінің қауіпті деңгейі 845 см-ді құрайды, қазір ол 762 см-ге тең, 4 сағат ішінде өсім 6 см-ді құрады. Махамбет кентінде қауіпті деңгей 850 см, қазір ол 801 см-ге тең. Өсім - 3 см. Атырау қаласы бойынша қауіпті деңгей - 550 см, қазіргі уақытта 463 см, өсім - 4 см. Махамбет және Исатай аудандарында жағалауды нығайту жұмыстары толығымен аяқталды. Атырау бойынша жалғасуда. Жоспардағы 250 шақырым бөгеттің 246-сы салынды. 300-ге жуық техника, 2 мыңнан астам адам жұмылдырылды», - деді спикер.