04.05.2024 _ 12:11

БҚО-да су тасқыны қаупі жоқ

Батыс Қазақстан облысында су тасқыны қаупі сейілді. Жайық өзеніндегі су деңгейі түсіп келеді. Судың қазіргі деңгейі - 7 м 99 см. Сол себепті өңірге жұмылдырылған күш-құралдар өз облыстары мен мен Атырау аймағына бағытталды. БҚО ТЖД ресми өкілі Нұржан Төлеуіш ОКҚ алаңында өткен брифингте осылай деді. 

«Облыс бойынша жол-көлік қатынасынсыз 2 елді мекен қалып отыр. 11 жол шаю оқиғасы қатаң бақылауда. Эвакуацияланған адамдар саны 14 078 адамды құрайды. Оның 5 813-і  - 18 жасқа толмаған балалар. Эвакуациялық пунктерде 2 345 адам орналасқан, оның 1017-і – балалар», – деді спикер.

3752 адам өз үйлеріне оралды. 7981 адам туысқандарының үйінде. 5 сәуірден бері облыстық штабқа 1,4 млн тонна гуманитарлық көмек келіп жетті. 1 сәуірден бастап 1, 4 млн текше метрден астам еріген қар суы сорылды, 1,3 млн астам дана қапшық , 26 645 тонна инертті материал төселді. Жалпы, облыс бойынша барлық жұмысқа 932 адам, 176 бірлік техника, 24 су сору құралы, 18 жүзу құралы және 1 әуе кемесі жұмылдырылған. Жалпы, облыс бойынша жағдай тұрақты және қатаң бақылауда.