Солтүстік Қазақстан облысындағы жағдай тұрақтануда. Сергеев су қоймасының жотасы арқылы судың толып кетуі 120 см құрайды, ол тәулігіне 6 см-ге төмендеді.
Облыс төңірегінде Есіл өзені мен оның салаларында су деңгейінің айтарлықтай төмендегені байқалады. Атап айтқанда, Покровка ауылының гидробекетінде тәулігіне 25 см, Новоникольскоеда – 23 см, Петропавл қаласында - тәулігіне 23 см төмендеді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифингте СҚО ТЖД баспасөз хатшысы Евгений Журавлев айтты.
Су тасқыны басталғаннан бері СҚО-да 3898 үй су астында қалды, қазір су 1220 үйден кетті. Қазіргі уақытта облыс бойынша 2678 үй, үй маңындағы 626 аула су астында қалып отыр, яғни көрсеткіш 2 есеге азайды. Облыс бойынша барлығы 14 388 адам эвакуацияланды, оның ішінде 3596 бала бар.
«Қазір бізде халықты уақытша орналастыратын 11 пункт бар. Бесеуі Петропавл қаласында, алтауы аудандарда. Барлық қолайлы жағдай жасалған. Онда орналастырылған адамдармен дәрігерлер және психологтар жұмыс істейді. Біз оларды қалдырмаймыз, оларға үнемі қамқорлық көрсетеміз. Қазір біздің міндетіміз – суды шығару. 793 мың текше метрден астам су тартылды, тәулігіне – 27,6 мың су айдау техникасы, оның ішінде қуаты жоғары 6 жылжымалы сорғы станциясы мен мотопомпалар іске қосылды. Су Подгора шағын ауданында, Қызылжар ауданының Кожевенный және жылыжай кенттерінде шығарылып жатыр. Біз суды мүмкіндігінше тез кетіруге тырысамыз», - деді спикер.
Жалпы жағдай бақылауда, мониторингті ТЖД және әкімдік қызметкерлері жүргізеді.