05.05.2024 _ 11:10

Қазгидромет мамыр айында құрғақшылық болатын аумақтар бойынша нақтыланған болжам ұсынды

Сәуір айында жауған жауын-шашын мен ауа райы болжамы ескеріле отырып, құрғақшылық қаупі бар аумақ ауданының ұлғаюы ықтимал. Құрғақшылық Қызылорда облысының Қармақшы және Іле аудандарында, Қостанай облысының Амангелді ауданында, Қарағанды облысының Шет ауданында күтіледі. Қостанай облысында - Қарасу ауданында, Ақмола облысында – Ақкөл, Атбасар, Сандықтау аудандарында, Павлодар облысында – Ақтоғай, Успен аудандарында және Павлодар қаласының маңында, Батыс Қазақстан облысындағы Бөрлі, Шыңғырлау, Сырым және Қаратөбе аудандарында, Ақтөбе облысында – Қобда ауданында орташа ылғалдылық болжанады.

«Қалған аумақтарда мамыр айында ылғалдандыру көпжылдық көрсеткіштерге жақын болады деп болжануда», - деді «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Алина Исмагулова ОКҚ брифингінде.