21.05.2024 _ 15:37

Оманмен тікелей әуе қатынасы қалпына келтірілуде

18 маусымнан бастап «Salam Air» Оман әуе компаниясы «Алматы – Маскат» бағыты бойынша әуе қатынасын қалпына келтіруді жоспарлап отыр. Рейстер сыйымдылығы 180-230 орындық «Эйрбас-А320/А321» үлгісіндегі әуе кемелерінде аптасына 2 рет (сейсенбі және жұма күндері) орындалады, деп хабаралйды ҚР Көлік министрлігі.

Әуе қатынасын қалпына келтіру екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етпек.