Оның айтуынша, Ақтөбе облысында ең көп таралған аумақ – 784 мың га, Қостанай облысында – 776 мың га және Түркістанда – 271 мың га.
«Химиялық өңдеулерді жүргізу үшін арнайы бүрку техникасының 427 бірлігі жұмылдырылады: 289 жерүсті желдеткіш және штангалық бүріккіштер, 56 аэрозольді генераторы, 36 аса жеңіл авиация кемелері, 36 ұшақ, 2 ұшқышсыз авиация жүйесі және 8 рюкзак бүріккіштер», - деп атап өтті спикер.
Үйірлі шегірткелерімен күресу үшін республикалық резервтен 8,1 млрд теңге бөлінді. Шегірткелермен күресу үшін 2,46 млн га алаңды өңдеу үшін пестицидтер сатып алынды, 90,8 мың га алқап бойынша конкурстық рәсімдер жалғасуда. 2,2 млн га алаңға химиялық өңдеу қызметтерін сатып алу бойынша шарттар жасалды, 308 мың га алаңға конкурстық рәсімдер жалғасуда. Ақмола, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарын қоспағанда, барлық өңірге пестицидтер жіберілді. Өңдеу жұмыстары кейінірек басталады.