24.05.2024 _ 15:00

Ауаның ластануына қарсы шаралар қолға алынып жатыр

Республика аумағындағы атмосфералық ауаның жай-күйіне 69 елді мекенінде мониторинг жүргізіледі. Оның нәтижелері бойынша 45 өнеркәсіптік қалалар мен мегаполистердің ішіндегі 8 қалада атмосфералық ауаның ластануы жоғары деңгейге жатқызылды. Олар – Астана, Алматы, Қарағанды, Теміртау, Атырау, Ақтөбе, Өскемен және Шымкент. Бұл туралы ҚР ЭТРМ Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының орынбасары Айдар Абдуалиев ОКҚ брифингінде хабарлады.

Алматы қаласы бойынша 2023 жылы 1-санаттағы кәсіпорындардан атмосфералық ауаға шығарындылардың жалпы көлемі 38 мың тонна болды. Оның 98%-ы жылу энергетикасының үлесіне тиесілі, 1% - өнеркәсіп кәсіпорындарынын үлесі. Сол себебті, энергетикалық объектілерден шығарындыларды азайту үшін газ турбиналарын салу арқылы екінші және үшінші ЖЭО-ларды газға ауыстыру жұмыстары жүргізіледі. Бұл жалпы шығарындылардың көлемін 84%-ға қысқартуға мүмкіндік береді.

«Бүгінгі таңда қала тұрғындары  99%-ға газбен қамтылған. 2027 жылға қарай қаланы 100% газбен жабдықтау жоспарланған. Сонымен қатар қаланың атмосфералық ауасының жай-күйіне Алматы облысының Іле, Қарасай және Талғар елді мекендері де әсер етеді. Облыстың 124 елді мекенінің 79%-ы ғана газдандырылған. Сондай-ақ қаланың атмосфералық ауасының жағдайына автокөлік құралдарының шығарындылары да әсер етеді», – деді спикер.

Атмосфералық ауаға жүктемені азайту үшін қала әкімдігі газбен жүретін 1150 автобус және 100 троллейбус сатып алды. Экологиялық отын түріндегі қоғамдық көліктің үлесі 53%-ды құрады. «Техникалық реттеу туралы» ҚР Заңың аясында, жанармай құю станциясындағы отынның сапасын бақылау күшейтілді. Алматы қаласы полиция департаментіне шығарындыларды тіркеу және деректерді беру үшін 19 экопост «Сергек» жүйесімен біріктірілді. 

Астана қаласы бойынша атмосфералық ауаға нақты шығарындылар көлемі 2023 жылы 58,3 мың тонна болды. Оның ішінде 81% ЖылуЭнергетикаОрталығы мен қазандықтардың үлесі, 19%-ы өндірістік объектілерге келеді. 2023 жылы қалада ауаның кәріз құдығынан күкіртті сутегімен жоғары ластану жағдайлар тіркелді. Күкіртсутекті локализациялау үшін ағызу нүктесінде 4 деңгейлі көміртекті жүктеу сүзгісі және ауаны тазартуға арналған желдету камерасы орнатылған. Астана қаласының 2023-2024 жылдарға арналған қоршаған ортаны жақсартудың кешенді жоспарында күкіртті сутегімен ластануды болдырмау шаралары қарастырылған.