Батыс Қазақстан облысының төрт ірі су қоймасы 90%-ға толды. Олардың барлығы штаттық кестеге сай жұмыс істейді.
Ақмола облысында екі ірі су қоймасы 98,4%-ға толы. Екі нысан да штаттық режимде жұмыс істейді.
Солтүстік Қазақстан облысында 2 ірі су қоймасы 100%-ға толы.
Ақтөбе облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 95%. Екі нысан да штаттық кестеге сай жұмыс істейді.
Шығыс Қазақстан облысында екі ірі су қоймасы бойынша орташа су жинау көрсеткіші 89,8%.
Абай облысында Шүлбі су қоймасы 78%-ға толды. Ертіс каскадының барлық су қоймалары штаттық режимде жұмыс істейді.
Қарағанды облысында 3 ірі су қоймасы 99,2%-ға толы. Олардың барлығы штаттық кесте аясында жұмыс істейді.
Қостанай облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 91%. Екі нысан да штаттық режимде жұмыс істейді.
Су қоймаларына жиналған тасқын суы ауылшаруашылығы мен өнеркәсіпте пайдалану үшін жіберіледі.