Еңбек кодексіне құрылыс алаңында бір мезгілде бірнеше ұйым жұмыс жүргізген кезде олардың еңбек қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша жұмыстарын жалпы үйлестіруді бас мердігер жүзеге асырады деген норма енгізілді. 258 кәсіпорын осындай бақылау моделін енгізді. Бұзушылықтардың алдын алу және оларды болдырмау мақсатында еліміздің 3 214 кәсіпорны еңбек қауіпсіздігі стандарттарын енгізді. 2 мыңнан астам өндірістік объектілерді аттестаттау өткізілді.
«hr.enbek.kz еңбек ресурстары порталында орналастырылған «Онлайн еңбек консультанты» функционалы жұмыс істейді, онда жұмыс беруші еңбек инспекторын алмастыратын және интерактивті режимде жоспарланған немесе орындалған рәсімдерді тексеретін қызметке жүгіне алады. Бұзушылықтар анықталған жағдайда жұмыс берушіге оларды жою мақсатында мемлекеттік еңбек инспекторының қатысуынсыз нақты іс-әрекеттер ұсынылады. Бүгінгі таңда 31 мыңнан астам келуші өзін - өзі тексеруден өтті», - деді спикер.