30.05.2024 _ 09:42

«Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы Қазақстанның барлық ірі қалаларында өтеді

Акцияның мақсаты - халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету. Кез келген азамат еліміздің заң қоғамдастығындағы ең үздік өкілдерден тегін қажетті кеңес ала алады. Олардың арасында белгілі адвокаттар, нотариустар, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылары, мемлекеттік органдардың басшылары және басқалары бар.

Акцияны ұйымдастырушылар – ҚР Әділет министрлігі, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл агенттігі, Zakon.kz желілік басылымы, «Параграф» ақпараттық жүйесі, мемлекеттік билік органдары және Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттары.

«Халық заңгері» акциясын өткізу дәстүрге айналды. 2016-2023 жылдар аралығында акцияға 8000-нан астам үздік сарапшы және мемлекеттік органдардың басшылары қатысты. Құқықтық көмекке жүгінген 165 000-нан астам азамат консультация алды.