«Біз нарықты, оның тепе-теңдігін, жеке бизнестің болуын, бәсекелестіктің дамуын және реттеуші саясатты зерттеуіміз керек. Біз басшылыққа алатын тағы бір критерий – кәсіпорынның дайындығы, экономикалық бірлікті құру. Яғни, жоспарланған көлемдер мен қуатқа қол жеткізу, кәсіпорынның қызметіне ауыртпалық түсіретін қарыздар, әлеуметтік және басқа да міндеттемелердің болмауы. Инвестордың дайындығы табысқа байланысты жекешелендірудің өте маңызды элементі болып табылады. Мұнда 2 компонент бар: мемлекеттегі және әлемдегі қолайлы инвестициялық саясат, екіншісі – осы кәсіпорынмен табысты жұмыс істеу үшін инвестордың тәжірибесі мен ресурстарының болуы», - деп түсіндірді спикер.
Бұл жекешелендіруге арналған тізімді іріктеудің негізгі тәсілдері, мән жайы және нақты критерийлері - пысықтау сатысында, олар Жекешелендіру жөніндегі ұлттық кеңседе бекітіледі. Ұлттық кеңсенің ашық жұмысы үшін сарапшылар, қоғам қайраткерлері, кәсіпкерлік бірлестіктер, мемлекеттік органдар, депутаттық корпус, квазимемлекеттік сектордың өкілдері жұмысқа тартылатын болады.
Ұлттық кеңсе 1 маусымға дейін құрылады, 1 қыркүйекке дейін жекешелендіру объектілері анықталуы қажет, 31 қазанға дейін тізім бекітіліп, Жекешелендіру жөніндегі кешенді жоспарға енгізілуге тиіс. Бұдан әрі жекешелендіру процестерін мемлекеттік органдар қолданыстағы рәсімдерге сәйкес жүргізеді.