31.05.2024 _ 12:00

Боччамен айналысатын қазақстандық спортшылар халықаралық аренада жоғары нәтижелер көрсетуде

Соңғы үш жылда Жаңаөзен қаласында бочча үйірмесі қарқынды дамып келеді. Спортшылардың боччаға деген қызығушылығы жоғары. Спорттың бұл түрімен айналысатын азаматтардың мүмкіндігі шектеулі болса да, өмірге деген көзқарастары ерекше. Қазақстан Бочча федерациясының жаттықтырушысы Гүлпери Қадырова ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында осылай деді.

Оның айтуынша, қазір бұл салада жоғары нәтиже көрсетіп, ел намысын халықаралық сайыстарда қорғап жүрген спортшылар аз емес. 

«Бочча үйірмесі ашылғанда, біз өте қуандық, спортшылар да қуанды. Қазір Жаңаөзен қаласында бочча үйірмесінде жаттығып жүрген 13 бала бар. Ең алғашқы Жаңаөзен қаласынан құрамаға кірген Амангелді Айдана деген қызымыз бар. Шет мемлекеттеріне шығып келген, Польша мемлекетіне барып, Қазақстанның атын шығарып, өзіне тәжірибе алып келген», - деді спикер.