31.05.2024 _ 16:19

Әділет министрлігі: 150 мыңнан астам азамат тегін заңгерлік көмек алды

Қазақстанның барлық қалалары мен елді мекендерінде республикалық ауқымда «Халық заңгері» акциясы өтті, деп хабарлайды ҚР Әділет министрлігі.

Аталған акция халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және тегін заңгерлік кеңес беруге бағытталған.

Осы шара аясында заң көмегіне жүгінген 150 мыңнан астам адам тегін заңгерлік кеңес алды.

Шараны ҚР Үкіметінің қолдауымен ҚР Әділет министрлігі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Zakon.kz және “Параграф” Ақпараттық жүйесі, Республикалық адвокаттар алқасы, заңгерлер ұйымдастырды.

Оған 1000-нан астам маман қатысты. Олардың қатарында мемлекеттік органдардың өкілдері, жетекші заңгерлер, адвокаттар, нотариустар, жеке сот орындаушылар бар.