Екі ел арасындағы Халықаралық келісім шеңберінде Қостанай облысына (Амангелді және Жангелді аудандарына) осы сирек кездесетін 40 жануарлар қайта жерсіндірілетін болады.
Пржевальский тұқымды 8 жылқысының бірінші партиясы "Алиби" реинтродукция орталығына (Амангелді және Жангелді аудандары) жеткізілді. Олар Чехиядан Арқалық әуежайына екі әскери ұшақпен әкелінген болатын.
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов атап өткендей, өңір Бетпақдаладағы ақбөкендер популяциясын қалпына келтіре алды. Енді Пржевальский тұқымына назар аударылады:
"Біз биліктің, ғалымдардың және бей-жай қарамайтын адамдардың бірлескен әрекетінің арқасында Пржевальский тұқымды жылқылары Қостанай облысы фаунасының ажырамас бөлігіне айналады, ал олардың ұрпақтары бізді ғасырлар бойы өзінің сұлулығымен және ұлылығымен қуантады деп сенеміз!", – деді өңір басшысы.
Пржевальский жылқыларын реинтродукциялау – Қазақстанның биоалуантүрлілік қауымдастығының бастамасымен қолға алын.