14.06.2024 _ 14:40

Мемлекеттік қызметке іріктеудің ашықтығы қамтамасыз етілді

Мемлекеттік қызметке іріктеудің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қызметті цифрландыру жұмыстары жалғасуда. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі жаңа іріктеу қағидаларын әзірлеп, «e-Qyzmet.gov.kz» сыртқы интернет порталын іске қосты. 2023 жылы 1 наурызда оған 6 мемлекеттік орган пилоттық негізде қосылды. Қазір 22 мемлекеттік орган қосылды. Осы жылдың 1 шілдесінен бастап тағы 22 мемлекеттік орган бұл тізімге қосылатын болады. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Азамат Жолманов ОКҚ алаңында хабарлады.

Жаңа жобаның ерекшелігі – азаматтар конкурстың барлық кезеңіне онлайн түрде қашықтан интернетке қолжетімді кез келген жерден және қалаған уақытында қатыса алады. Тараптар арасында мүдделер қақтығысы және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау үшін үміткерлерге оларды иесіздендіретін сәйкестендіру нөмірі ұсынылады.

«Сондай-ақ адами факторды болдырмау үшін конкурс рәсімінің ашқтығын тәуелсіз прокторинг жүйесі қамтамасыз етеді. Конкурс жеңімпазы барлық кезең қорытындысы бойынша жиынтық баллмен анықталады. Жеңімпаз жүйемен дербес анықталады. Конкурстық комиссия анықтамайды. Нәтижесінде, жаңа жоба бойынша өткізіліп жатқан конкурстар бойынша 1 орынға қатысуышылар саны 4,6 адамға дейін артты. Ал, қолданыстағы іріктеу тәсілімен салыстырғанда қатысушылардың саны 2, 7 есеге артты», – деді спикер. 

Бұл азаматтардың жаңа жоба аясында мемлекеттік қызметке қызығушылығ біршама артқанын айқындап отыр.