14.06.2024 _ 15:00

Мемлекеттік қызметшілердің білімін жетілдіру бағдарламалары іске қосылды

Мемлекеттік қызметшілердің құзыреттерін жаңартып, жетілдіруге ерекше назар аударылып отыр. Мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру мақсатында Мемлекеттік басқару академиясының ЖОО-дан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқыту жүргізіледі. Дәріскер ретінде отандық сарапшылармен қатар, шетелдік жетекші сарапшылар жұмылдырылады. Мемлекеттік басқару және дипломатиялық қызмет мамандары тартылады. Биыл магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша 134 мемлекеттік қызметші оқуды аяқтайды. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Азамат Жолманов ОКҚ алаңында осылай деді.

Академиядағы оқудың артықшылығы – серіктес ЖОО-лардың базасындағы қос дипломды бағдарламаның болуы және АҚШ, БАӘ, Финляндия сияқты елдерде шетелдік тағылымдамадан өту мүмкіндігі.

«Одан басқа, саяси қызметшілердің басқарушылық құзыреттерін дамытуға бағытталған арнайы бағдарламамыз бар. Бұл - жаңа формация басшысы бағдарламасы. Ол бойынша жыл сайын саяси ммелекеттік қызметші оқудан өтеді. Ол - вице-министрлер, әкім орынбасарлары және аудан әкімдері. Сонымен қатар 2023 жылы А корпусының 18 қызметшісі оқудан өткен болатын қайта даярлаудан. Ағымдағы жылы осы жұмыс жалғасатын болады», – деді спикер.  

Жобалық қызметке тартылған қызметшілерді де тұрақты негізде оқыту көзделген. Менеджерлердің жалпы саны 189 адамға жетті.