16.06.2024 _ 09:42

Жауапты, әділ және мықты болуға үйретеді - бүгін Қазақстанда Әкелер күні аталып өтіледі

Әкенің баланың өміріндегі, жалпы қоғамдағы рөлі айрықша. Батылдық пен даналықтың үлгісі бола тұра, әке ұрпағын тәрбиелеуге жанын салады. Әке - баланың бірінші қорғаушысы, тәлімгері, ол жауапты, әділ және мықты болуға үйретеді, қиындықтарды еңсеруге көмектеседі, оның қолдауы мен қамқорлығы балаларға сенімділік береді. 

Әкелерді мерекемен құттықтаймыз!

Зор денсаулық, бақыт, амандық, табыс тілейміз. Бала тәрбиесіне қосқан үлесіңіз олардың жетістіктерінен көрініс тапсын!