17.06.2024 _ 17:20

Көлік министрлігі: автобус жүргізушілерін медициналық тексеруден өткізудің автоматтандырылған жүйесі іске қосылды

Аталған жүйе қан қысымын, жүректің соғу жиілігін, температураны өлшеу үрдісін автоматтандыруға бағытталып, қоғамдық көлікті есірткілік немесе алкогольдік мас күйінде басқарудың алдын алады, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.

Жүргізушілерге арналған кешенді рейс алдында және рейстен кейін медициналық тексеруден өткізумен айналысатын ұйым ұсынады.

Бүгінгі таңда жеке инвестициялар есебінен сатып алынған автоматтандырылған жүйе Павлодар қаласындағы №1 автобус паркінде істеп тұр.