25.06.2024 _ 14:40

Сыртқы сауда айналымынан 1,3 трлн теңгеден астам жуық кедендік төлем мен салық түсті

Үшінші елдермен сыртқы тауар айналымы 2024 жылдың 5 айында 0,5%-ға ұлғая отырып, 44,6 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл жерде экспорт 28,6 млрд АҚШ долларын құрайды,  2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 5,5%-ға ұлғайды. ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасы орынбасарының м.а. Елдос Саудабаев ОКҚ алаңында осылай деп мәлімдеді.

Оның айтуынша биыл импорт айналымы 16,1 млрд АҚШ доллары құрады.

«Бұл ретте осы жылдың 5 айы ішінде 1,346 трлн теңге сомасы кедендік төлемдер және салықтар түсті.  Кедендік әкімшілендіру шаралары есебінен бюджетке қосымша 62,5 млрд теңге өндірілді», – деді спикер.