26.06.2024 _ 17:07

Жамбыл облысында ауыл шаруашылығы мақсатындағы 73 мың га жер мемлекеттік меншікке қайтарылды

Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті 2024 жылы Жамбыл облысы бойынша ауданы 80 мың га ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді мемлекет меншігіне қайтаруды жоспарлап отыр. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 73 мың гектардан астам ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер қайтарылды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік бақылауды және өңірде жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылауды жүзеге асыру мақсатында Жер ресурстарын басқару комитетінің аумақтық департаменті тұрақты негізде жоспардан тыс тексерулер жүргізеді, қорытындысы бойынша 4 жер пайдаланушыға жер учаскесін өз еркімен иеленгені үшін нұсқамалар беріліп, айыппұл салынды.

Тағы 27 ұйғарым бір жыл мерзімге Жер ресурстарын басқару комитетіне жер учаскесін мақсаты бойынша пайдалану жөнінде шаралар қабылдау үшін берілді, жерді мақсатсыз пайдалануға жол берген 2 жер пайдаланушыға ұйғарым 3 ай мерзімге берілді.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.