28.06.2024 _ 09:03

28 маусымда Қазақстанда Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні атап өтіледі

28 маусымда Қазақстанда Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні атап өтіледі

БАҚ өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз!

Сіздердің қызметтеріңіз - бұл шығармашылық жұмыс қана емес, бұл – қоғамға өзекті, шынайы ақпарат жеткізу бойынша жауапты миссия. Жоғары азаматтық жауапкершілік, объективтілік, қоғам мүддесін қорғау – кәсіби журналистиканың басты қағидаттары.  

Сіздерге ынтымақтастықты қолдап, ОКҚ баспасөз конференцияларында елімізді дамытуға септігін тигізетін мәселелерді көтеретіндеріңіз үшін алғыс айтамыз. 

Баршаңызға зор денсаулық, бақыт, амандық, еңбектеріңізде табыс тілейміз!