Бұл шараларға еліміздің әр өңірінен барлығы 270 мыңнан астам оқушы қатысты. Оқушылар педагогтермен және ата-аналарымен бірге шеберлік сағаттарына, мәдени бағдарламаларға қатысты. Сондай-ақ ұлттық салт-дәстүрлер мен жаңа технологияларды үйреніп, жазғы уақыттарын пайдалы әрі қызықты өткізуде.
Жалпы, 920-дан астам қосымша білім беру ұйымдарында мынадай қызықты іс-шаралар өткізілді:
- жаяу серуендеу және экскурсиялар: 30 мың кішкентай саяхатшы еліміздің табиғаты мен тарихи мұрасын зерттеді;
- еріктілер бригадалары: 7 мың бала қарт адамдарға, кішкентай балаларға көмек көрсетті және экологиялық акцияларға, аумақтарды тазалауға, түрлі қайырымдылық шараларға қатысты;
- челлендждер мен акциялар: 25 мыңнан астам қатысушы қолдау білдірді;
- шығармашылық байқаулар: 34 мың бала сурет, қолөнер, музыка, би және актерлік өнерде өз таланттарын көрсетті;
- танымал тұлғалармен кездесулер және спорттық жарыстар: 86 мыңнан астам бала үшін өнер қайраткерлері, спортшылар, саясаткерлер, ғалымдар шабыт пен жаңа мақсаттардың жарқын үлгісіне айналды;
- пікірсайыс клубтары: 6,5 мың бала өз идеяларын жариялауды және басқалардың көзқарасын құрметтеуді үйренді;
- концерттік бағдарламалар мен флешмобтар: 50 мыңнан астам қатысушы жерлестеріне жарқын мерекелік іс-шаралар сыйлады.
Қосымша білім беру ұйымдарында балалардың шығармашылық жетілуіне, жеке дамуына бағытталған «Жаз қызығы – көңілді демалыс» жазғы маусымы жалғасуда.