«Құжатта 4 блокқа бөлінген 28 іс-шара қарастырылған. Әр блоктың өз мақсатты аудиториясы бар. Бірінші бөлім құмар ойындарды бұған дейін ойнамаған азаматтарға арналған. Екінші бөлім тәуекел тобын анықтауға және олармен жұмыс істеуге бағытталған. Үшінші блок лудомандарға көмек көрсетуді көздейді. Жоспар аясында лудоманияның алдын алу бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірлеу жұмыстары жүргізілуде», - деді туризм және спорт вице-министрі Мирас Төлебаев ОКҚ алаңында.
Қазіргі уақытта Қазақстанда 6 ойынхана, 3 ойын автоматтары залы және 8 букмекерлік кеңсе бар, онда 5 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Өткен жылы Министрліктің талабымен сот шешімдері негізінде заңнаманы бұзған 14 букмекерлік кеңсе, тотализатор және 1 ойын автоматтары залының қызметі тоқтатылды. 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында Қонаев қаласында 4 букмекерлік кеңсе мен 2 ойын автоматтары залына жоспардан тыс және жоспарлы тексеріс, сондай-ақ лотерея операторына жоспардан тыс тексеру жүргізілді.
Қазақстанда алғаш рет әлеуметтік желілерде (Instagram, TikTok) заңсыз лотереяларға қарсы күрес жұмыстары басталды. Ол үшін 400 мыңнан 3,7 млн теңгеге дейін айыппұл қарастырылған. 16 азамат сомасы 7 млн теңгеге әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Соттың қарауына құқық бұзушылық туралы 30 хаттама жіберілді, тағы 35 факті бойынша әлеуметтік желілердегі заңсыз ұтыс ойындары үшін жауапқа тарту үшін материалдар жиналуда.