25.07.2024 _ 11:07

Мемлекеттік органдар 2024 жылдың басынан бері 190-ға жуық кәсіптік стандарт әзірледі

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жанындағы Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық орган кәсіптік стандарттар тізіліміне еңбек нарығында неғұрлым талап етілетін кәсіптер бойынша мүдделі мемлекеттік органдар әзірлеген 189 жаңа кәсіптік стандартты енгізді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта тізілімде барлығы 4510 кәсіпті қамтитын 838 кәсіптік стандарт бар. 

Жаңа кәсіптік стандарттарды әзірлеу қажеттілігін айқындау немесе қолданыстағы кәсіптік стандарттарды қайта қарау жөніндегі жұмысты мемлекеттік органдар жанындағы 50-ден астам салалық кеңес жүргізеді. Олардың құрамына 900-ден астам адам кіреді, олардың ішінде мемлекеттік органдардың, жұмыс берушілердің, салалық бірлестіктердің (қауымдастықтардың, одақтардың), оқу-әдістемелік бірлестіктердің және т. б. өкілдері бар.

Сондай-ақ, мемлекеттік органдар 54 салалық біліктілік шеңберін әзірледі және өзектендірді, олар орындалатын жұмыстардың күрделілігіне және пайдаланылатын білімнің, іскерліктер мен құзыреттердің сипатына байланысты деңгейлер бойынша маманның біліктілігіне қойылатын талаптарды қамтиды.

Кәсіптік стандарттар мен СБШ әзірлеу және өзектендіру жөніндегі жұмыс Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту шеңберінде жүргізіледі.

Естеріңізге сала кетейік, Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық орган тұрақты негізде кәсіптік стандарттарды әзірлеудің негізгі принциптері мен кезеңдерін түсіндіру бойынша семинарлар өткізеді.