28.07.2024 _ 20:48

Ғұсман Қырғызбаев - Париж олимпиадасының қола жүлдегері

Ұлттық құрама дзюдошысы Ғұсман Қырғызбаев (66 кг) Париж Олимпиадасында серб Страхиня Бунчичті жығып, қола медаль жеңіп алды.

Бұл қазақ дзюдосы тарихындағы триумф! Парижде алғаш рет олимпия ойындарында отандық команда 1 алтын, 1 қола жүлдеге қол жеткізді. Кеше Елдос Сметов дзюдодан Олимпиада чемпионы атанған тұңғыш қазаққа айналды.

Осыған дейін Парижде Ғұсман жеңген палуандар:

Давид Гарсия Торне (Испания) - Еуропа чемпионы;

Ан Ба Уль (Оңтүстік Корея) - Рио Олимпиадасының күміс, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, әлем чемпионы, 2 дүркін қола жүлдегері, жазғы Азия ойындарының жеңімпазы;

Валид Хяр (Франция) - әлем чемпионатының қола жүлдегері (2023 жыл), Еуропа чемпионы;

Ғұсман Қырғызбаев - әлем чемпионатының күміс жүлдегері (60 кг, 2021 жыл), Азия чемпионатының 2 дүркін қола жүлдегері. Бұл оның алғашқы Олимпиадасы.