02.08.2024 _ 11:40

«Ақ хакерлер» электрондық үкіметтің осал тұстарын тегін анықтайды

2023 жылдың желтоқсан айында ақпараттық қауіпсіздікті тексерудің трансформациясына әсер еткен өзгерістер заңнамалық деңгейде енгізілді. Бюрократсыздандыру мақсатында Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің мемлекеттік орган ретінде қатысуын болдырмау туралы шешім қабылданды. Қазіргі уақытта нарық субъектілері мен басқа да мемлекеттік органдар аккредиттелген сынақ зертханаларында сынақтан өтуге, хаттамалар алуға құқылы және олардың көмегімен ақпараттық жүйенің әрекет етуі жүзеге асырылады. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР ЦДИАӨМ Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықов мәлімдеді.
«Ақ хакерлер» электрондық үкіметтің осал тұстарын тегін анықтайды

Сондай-ақ BugBounty осал тұстарды анықтау платформасының құқықтық мәртебесі белгіленді. Қазақстан әлемде алғашқылардың бірі болып, мемлекеттік деңгейде жеке сектор кеңінен қолданатын тетікті заңнамалық тұрғыдан бекітті. 

«Платформа «ақ хакерлерге» осал тұстарды анықтауға қатысуға және сол ақпарды белгілі бір сыйақыға сатуға мүмкіндік береді. Біздің жағдайда электрондық үкімет платформасында анықталған осалдықтар туралы мәліметтер тегін беріледі. Осы орайда осындай маңызды іспен айналысатын және мемлекеттен қандай да бір қосымша сыйақы талап етпейтін зерттеушілерге алғысымды білдіргім келеді», - деп атап өтті спикер. 

Электрондық үкіметтің бірыңғай репозитарийінің функциялары да анықталды. Онда барлық мемлекеттік ақпараттық жүйенің бастапқы кодтары жиналады. Бұл олардың өзгермеуін бақылауға, сондай-ақ сынақ процедурасын өзгерту жұмыстарын жалғастыруға мүмкіндік береді. Яғни, ол тұрақты негізде жүргізіледі. 

Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің басшысы жыл сайын халықтың ақпаратпен қамтылу деңгейі өсіп, бұлкөрсеткіштің 80%-дан асатынын атап өтті. 2024-2025 жылдарға Ақпараттық қауіпсіздік және криптография мамандығы бойынша білім беру гранттары едәуір артып, олардың саны 3660-ға жетті. Ақпараттық қауіпсіздіктің 50-ге жуық жеке жедел орталықтары жұмыс істейді. Ал мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің қорғалу деңгейі 53,5%-ды құрайды.