07.08.2024 _ 11:41

Қазақстандықтар марафон айында 900-ға жуық игі іс жасады

Қазақстанда игі істер марафоны жалғасуда. Бұл қайырымдылық мәдениеті мен волонтерлікті дамытуға бағытталған дәстүрлі жалпыұлттық жоба, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.
Қазақстандықтар марафон айында 900-ға жуық игі іс жасады

Жоба ережелері бойынша игі істі әлеуметтік желілерде жариялап, www.qazvolunteer.kz. сайтында тіркеуден өту қажет. Бүгінгі таңда 826 игі істі тіркелді.

Астанада волотерлер 2 тоннадан астам қоқыс пен пластик жинады. Қостанай облысында «Жақсылық жаса» акциясы аясында көпбалалы отбасыларға қажетті заттар жеткізілді. Сонымен қатар аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қажетті көмек көрсету үшін «Мектепке жол» акциясы басталды.

Жалпы жобаға 10 мыңға жуық қазақстандық қатысты.

Марафон 1 желтоқсанға дейін жалғасады. Одан кейін қатысушыларды 10 номинация бойынша, оның ішінде «Ең мейірімді аймақ», «Ең мейірімді ұжым», «Ең мейірімді оқу орны», «Ең жақсы ауыл» сияқты арнайы номинациялар бойынша, сондай-ақ марафонды жариялауға белсенді қатысқан БАҚ өкілдері үшін салтанатты марапаттау рәсімі өтеді.