«Ірі мұнай-газ жобаларының мердігер компанияларымен бірлесіп жүргізіліп жатқан жұмыс ірі мұнай-газ жобаларындағы жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларды сатып алуындағы қазақстандық қамту көрсеткішін 2024 жылы 7%-ға, 2027 жылы 11%-ға, 2029 жылға қарай 15%-ға ұлғайтуды болжауға мүмкіндік береді», — деді вице-министр.
Энергетика министрлігі талдау жүргізіп, ірі жер қойнауын пайдаланушылардың барлық сатып алуларының 60% құрайтын 12 тауар тобын бөлді. Бұл бағытта локализациялау мен қазақстандық қамтуды дамыту үшін елеулі әлеует бар. Мердігер компаниялармен жоғарыда көрсетілген нысаналы топқа КPI-көрсеткіштерін бекіте отырып, ірі жобалардың жергілікті қамтуды дамытудың ұзақ мерзімді бағдарламаларын қайта қарау бойынша белсенді келіссөздер жүргізіліп жатыр.
Сондай-ақ қазіргі міндеттерді ескере отырып, ірі жер қойнауын пайдаланушылардың тендерлік рәсімдерін жаңарту мәселесі талқыланып жатыр, мұнда тауарлар мен қызметтердің отандық өндірушілерімен инвестицияларға айырбастау үшін тікелей ұзақ мерзімді келісімшарттар жасасу міндеті бекітілетін болады.