21.08.2024 _ 11:40

АӘТ орташа мөлшері 208 мың теңгені құрайды – ЕХӘҚМ

ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуын арттыру бойынша шараларды енгізу туралы айтты. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт жұмыс істейтін адамдарға арнаулы әлеуметтік төлем төлеу басталды. Жалпы сомасы 1,7 млрд теңгеге тең көмекті 9,1 мыңнан астам адам алды.

Еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін азаматтар 55 жасқа толғанда және олар үшін кемінде 84 ай міндетті кәсіптік зейнетақы жарнасы төленген кезде арнаулы әлеуметтік төлем алуға құқылы. Еңбек өтілі кемінде 7 жыл болуы керек. 

«Арнаулы төлем тағайындауға өтініш білдіргендердің ең көп саны Қарағанды өңірінде – 1,6 мыңнан астам адам, Қостанай өңірінде, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Ақтөбе, сондай-ақ Ақмола облыстарында бар. Арнаулы төлемнің орташа мөлшері 208 мың теңгені құрайды. Маңызды шарт: арнайы төлем алатын жұмысшылар зиянды еңбек жағдайынан зиянсызға ауысуы керек, сонымен бірге арнайы төлемнен басқа жалақы алады немесе олар жұмыс орнынан кете алады. Бұл төлемдер зейнеткерлік жасқа дейін тағайындалады», – деп атап өтті спикер. 

Төлемдер төрт жерден беріледі: республикалық бюджеттен, жұмыс берушіден, сақтандыру компанияларынан және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан.