25.08.2024 _ 06:58

Бүгін Қазақстанда Шахтер күні атап өтіледі

Тамыз айының соңғы жексенбісінде көмір өнеркәсібі жұмысшылары – кеншілер өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтеді.

Бұл мамандық кеншіден барынша төзімділік пен ерлікті, шынайы жанқиярлықты талап етеді. Әдептілік пен сенімділік сынды адамгершілік қағидаттарын кеншілер ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, тұтастай кеншілер әулеттеріне тән құндылықтарды қалыптастырады. 

Шахтерлерді, сала ардагерлерін мерекемен құттықтаймыз. Зор денсаулық, бақыт және амандық тілейміз!