30.08.2024 _ 06:46

30 тамыз – Конституция күні

Бүгін Қазақстанда мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні атап өтіледі.
30 тамыз – Конституция күні

Ата заң елімізді демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде дамытудың берік негізі болып табылады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Жаңартылған Конституция Қазақстанды жаңғыртудың, құқық қорғау әлеуетін күшейтудің құқықтық негізін қалады. 

Барша қазақстандықтарды Конституция күні құтты болсын! Зор денсаулық, бақыт және амандық тілейміз!