ҚР мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов ОКҚ алаңында айтып өткендей, 2023 жылы Үкіметтің қаулысымен «Әкелер күні» - маусымның әрбір үшінші жексенбісі, ал «Аналар күні» - мамырдың әрбір екінші жексенбісі деп бекітілді. Биыл Аналар күні алғаш рет аталып өтті. Осыған байланысты вице-министр отбасы саясаты саласындағы жұмыстың негізгі үрдістері мен нәтижелері туралы ақпарат ұсынды.
Оның хабарлауынша, Ұлттық халық санағының қорытындысы бойынша 2021 - жылы отбасылар саны 5 578 947-ге жетті. 2009 жылғы санақ деректеріне сәйкес, республикадағы отбасылар саны 4 022 388 – ге тең болды. Осылайша, 10 жыл ішінде бір жарым миллионнан астам отбасы қалыптасты. Ажырасу санының төмендеуі байқалады. Соңғы 5 жылда бұл көрсеткіш 48,6%-ға төмендеді.
«Мемлекет басшысы өз Жолдауында «Азаматтардың бойында жаңа әдеттер, дағдылар қалыптасып, жаңа құндылықтар орнығуда», деп айтқан болатын. Соған әлеуметтік сауалнамалардың қорытындыларф соған дәлел болып табылады. Сауалнама нәтижелері бойынша қазақстандықтардың 95,4%-ы отбасындағы қарым-қатынастарға қанағаттанған. Қазақстандық отбасылардың басты 3 құндылығы: бір-біріне қамқорлық жасау, өзара сыйластық, қолдау көрсету, махаббат, балалар», – деді спикер.
Бүгінгі таңда қазақстандық отбасылардағы балаларда тәрбиеленетін негізгі құндылықтар: еңбекқорлық (39,8%), адалдық (31,7%), үлкендерге құрмет (28,5%), өзін-өзі бағалау (24,2%), басқаларға құрмет (21,3%).