11.09.2024 _ 11:50

Шығарындыларды бақылау жүйесінің болмағаны үшін айыппұлдар: Экологиялық реттеу комитеті бақылауды қалай күшейтпек

Эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесі оны орнатуға міндетті 91 кәсіпорынның 62-нде ғана бар. Оның ішінде, 34 кәсіпорын қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы Ұлттық деректер банкіне қосылған, 28-і - қосылу сатысында, 12-сі - МАЖ орнату бойынша жұмыс жүргізіп жатыр және 2024 жылдың соңына дейін аяқтауды жоспарлап отыр. 17-сі 2026-2029 жылдары енгізіледі. Мұндай деректерді ОКҚ алаңында ҚР ЭТРМ қазіргі заманғы эмиссиялар мониторингі жүйесі бойынша Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Ерболат Қожықов айтты.

Қазіргі уақытта коммуналдық кәсіпорындарда МАЖ енгізуді қаржыландыруды әкімдіктер экологиялық төлемдер есебінен табиғатты қорғау іс-шаралары шеңберінде қарайды.  

20 нысан тексерілді. Кәсіпорындарға қатысты МАЖ белгілеу жөніндегі талаптарды бұзғаны үшін 9,6 млн теңге көлемінде 18 әкімшілік айыппұл салынды және МАЖ орнату туралы нұсқама берілді.   

«Бақылау субъектілеріне қатысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес тексерудің 3 түрі жүргізіледі: бармай профилактикалық бақылау, бақылау субъектісіне барумен профилактикалық бақылау және талаптарға сәйкестігін тексеру. Әкімшілік сипаттағы шаралар талаптарға сәйкестігін тексеру нәтижелері бойынша ғана қабылданады – МАЖ болмағаны үшін 738 400 теңге айыппұл салынады», - деді спикер.  

МАЖ жүйесін енгізуге міндетті кәсіпорындарға қатысты әкімшілік шараларды қабылдауды толық қамту үшін комитет нормативтік-құқықтық актілерге түзетулер енгізуді ұсынады. Мысалы, МАЖ деректерін ҰДБ-ға нақты уақыт режимінде бір тәуліктен артық берілмеуі – жоспардан тыс тексеру жүргізуге негіз болып табылады. Сондай-ақ бақылау субъектісіне бармай-ақ кәсіптік бақылау қорытындылары бойынша шығарылатын айыппұлдар бойынша эмиссиялар нормативтерінен асып кеткені, сондай-ақ 24 сағаттан артық МАЖ деректерінің болмауы үшін түзетулер енгізу.