11.09.2024 _ 12:10

Эмиссияларды болжамды түрде 50%-ға қысқарту: Ерболат Қожықов жаңа экологиялық стандарттарға көшу жоспарлары туралы айтты

I санаттағы ТОП-50 объект үшін 2029 - жылға қарай шығарындыларды 366 мың тоннаға азайтуды көздейтін іс-шаралар жоспары әзірленіп, іске асырылуда. ҚР ЭТРМ қазіргі заманғы эмиссиялар мониторингі жүйесі бойынша Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Ерболат Қожықов ҮҚТ-ға көшу реформасы шеңберінде Үкімет кәсіпорындардың аталған санатын толығымен қамтитын 16 анықтамалықты бекіткенін айтты.

Бұл көшу 2 кезеңді көздейді: 2025 - жылдан бастап қоршаған ортаға ластайтын заттардың жиынтық шығарындылары бойынша ең ірі I санаттағы 50 объектінің тізбесіне кіретін ірі кәсіпорындардың кешенді экологиялық рұқсат алуы; қалғаны 2031 жылы бастайды.  

Өнеркәсіп салалары бойынша ТОП-50-ден I санаттағы объектілердің ҮҚТ қағидаттарына көшуге дайындық 40%-дан 90%-ға дейін құрайды.  

«40%-ы – электр энергетикасы, 60%-ы – қара металлургия, химия өнеркәсібі, 65% – мұнай өндіру, 70%-ы – цемент, түсті металлургия, бағалы металдар, 90%-ы – мұнай өңдеу. ҮҚТ бойынша анықтамалықтарда айқындалған технологиялық көрсеткіштер сақталған жағдайда, ТОП-50 ластаушы кәсіпорындардан атмосфералық ауаға эмиссиялардың болжамды қысқаруы шамамен 50,1%-ды. құрайды. Бұл орта есеппен жылына 0,96 млн тоннаны құрайды», – деді спикер. 

Мемлекет басшысы бизнестің табиғатты қорғау ісіне жауапкершілігін арттыруға ерекше назар аударды. Осы тапсырманы іске асыру үшін министрлік бизнес, мемлекет және «Атамекен» ҰКП арасындағы «өнеркәсіптік кәсіпорындардың қоршаған ортаға теріс әсері бөлігінде ақпараттық ашықтықты арттыру және осындай әсерді азайту бойынша қабылданып жатқан шаралар» жөніндегі меморандум тетігін пайдалануды ұсынады. Мұндай меморандумдар республикалық және өңірлік деңгейлерде жасалатын болады.