22.09.2024 _ 23:12

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шахматтан әйелдер құрамасын құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шахматтан әйелдер құрамасын құттықтады:

– 2024 жылғы Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында күміс медаль жеңіп алған Қазақстанның әйелдер құрамасын құттықтаймын. Бұл – қазақ шахмат мектебі мен шахматшы қыздарымыздың тамаша жетістігі. Спортшыларымыз биік белестерді бағындыра берсін! – деп жазды Мемлекет басшысы өзінің Х әлеуметтік парақшасында.