25.09.2024 _ 14:50

Қазақстан Азия елдері арасындағы қағазсыз транзиттік тасымалдарға бастамашылық жасайды

Мемлекеттік кірістер комитеті тарапынан кеден блогының жұмысын жақсарту бойынша бірқатар шара қабылданды. 2023 - жылы электрондық кезек жүйесі енгізілді. Бұл жұмыстың нәтижелері тасымалдау процесінің тиімділігі мен ашықтығын, тасымалдау процесінде туындаған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жойылғанын айқындады. 891 мың бронь жасалды. Сонымен қатар шетелдік рұқсат бланкілерін беру рәсімі автоматтандырылды. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР ҚМ МКК төрағасы орынбасарының м.а. Ғабит Оразов мәлімдеді.

«Электрондық кезек жүйесі негізінде комитет Көлік, Цифрлық даму министрліктерімен бірлесіп, шетелдік рұқсат бланкілерін беруді автоматтандыру бойынша пилоттық жобаны іске асырды. Рәсім Қытай, сондай-ақ Өзбекстанмен шекарада жүзеге асырылды. Өзбекстанмен толық цифрландыру аяқталды, бланкілермен алмасу электрондық форматта жүргізіледі. Қытай жағында алмасу Өзбекстанмен сияқты KARGO ALEM жүйесінде, бірақ шекарада қағаз бланкілердің берілуімен жүргізіледі», - деді спикер. 

Қытаймен шекарада процесті автоматтандыру қазан айының соңында аяқталады деп күтілуде. Айта кетерлігі, бланкілермен алмасу 8 есеге өсті. Сондай-ақ 8 ай ішінде үшінші елдермен шекарадағы автомобиль өткізу пунктері арқылы 860 мыңнан астам автокөлік құралдары жүріп өтті, өсім 39%-ды құрады. 2023 - жылы Үкіметтің қаулысымен транзиттік декларацияларды ресімдеу кезінде кедендік алымдарды алу көзделген. Жыл басынан бері бюджетке 18,5 млрд теңге түсті. 

Кеден органдары көлік әлеуетін дамыту, автокөлік құралдарының өткізу пунктері арқылы жедел жүріп өтуін қамтамасыз ету және Азия елдері арасында қағазсыз транзитті енгізу жөнінде шаралар қабылдап жатыр.