26.09.2024 _ 16:51

Қызылорда облысында күріштің өнімділігі 52 ц/га-дан асты

Қызылорда облысында биыл күріштің жоғары өнімділігі байқалады, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Облыста ауыл шаруашылығы дақылдары 189 мың гектарға егілді, оның 85,6 мың гектары күріш алып жатыр. Бүгінгі таңда 50,3 мың га күріш дақылдары жиналды, 42,7 мың га бастырылды. орташа өнімділік 52 ц/га-дан асты.