01.10.2024 _ 09:30

1 қазан – Радио қызметкерлері күні

Бүгін радио қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтеді.
1 қазан – Радио қызметкерлері күні

Қазақстанда алғашқы радио 1921 жылдың қазан айында хабар таратты. Бүгінде жаңа ақпараттық технологиялардың дамуына қарамастан, радио мемлекет пен қоғамның дамуында, өскелең ұрпақты тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады. Радио – сенімді дереккөз әрі мәдени және танымдық функцияларды атқарады, жолаушының серігі болып қалуда.

Мереке құтты болсын, радио қызметкерлері!